Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, Түркістан өңіріне сапарын бабалар рухына тағзым етумен жалғастырды.
Еске сала кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келген болатын. Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты.
Одан кейін “Түркістан-Арена” стадионында болып, “Конгресс Холл” көпфункционалды концерт залына барды. Елбасы Rixos Turkistan қонақүйі және Түркістандағы бірқатар экспозициялық кешенмен танысты.
Түркістан-ақпарат.
