ҚАРТТАРЫМЫЗ – ҚАЗЫНАМЫЗ

933 көрілім

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Қоғамның ізгілігі – ба­ла­лар мен қарттарға жасалған қамқорлықпен бағаланатыны бұлжымас ақиқат. Бұл тұрғыда еліміздегі қариялар мәселесіне тоқталар болсақ, қарттар мен мүгедектер, қорғаушысы жоқ кембағалдар жал­пы зей­нет­кер­лер жайы Елбасының халыққа арнаған Жол­да­у­ын­да на­зар­дан тыс қалған емес. Үлкендерге де­ген  сый-құрметтің бір күннің ая­сын­да шектеліп қалмау ке­рек. Өйткені, бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылыққа бас иген қазақ қашаннан үлкенді сый­ла­у­да жаңылмаған. Халқымыздың «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» не­ме­се «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» секілді пәлсапалық мәні зор қағидаларының жасқа да, жасамысқа да бағдаршам іспеттес бо­луы соның жарқын айғағы. Аузы ду­а­лы ақсақалы бар ел жастарының қашанда жөнсіздік пен жолсыздыққа бой ұрмасы хақ. Бұған бала тәрбиесіне ерек­ше ден қойған бабаларымыздың «атаңнан бо­та қалмасын, ба­та қалсын», «түбіріне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы» де­ген қанатты сөздері дәлел. Әрі бізге бұл тағылымдар та­рих беттерінен белгілі.

Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің денсаулығын түзеу мақсатында облысымызда сауықтыру орталықтары жұмыс жасайды. Сол орындарға қаламыздағы ардагерлерді жыл сайын жіберіп отырамыз. Қаламызда соғыс ардагерлеріне қал-жағдайын жергілікті дәрігерлер тұрақты түрде тексеріп, емдік шараларын жүргізіп отырады. Майдангер ардагерлердің әрқайсысына дәрігер бекітілген. Жеңілдікпен босатылатын дәрі-дәрмектер уақтылы беріліп тұрады, айтулы күндерде жергілікті әкімдік тарапынан қаржылай көмектер жасалып, қамқорлықтар тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухтарына бас иіп, қан майданнан аман-есен ортамызға оралған ардақты ардагерлерімізді қадірлеу әрқашан да перзенттік парызымыз болып табылады.

Қоғамымызда түрлі дін, тіл өкілдерінің өмір сүруіне қарамастан, түсіністіктің, сыйластықтың ор­на­у­ын­да Ел­ба­сының жүргізген сын­дар­лы-салиқалы са­я­сат­ы мен бірге аға ұрпақтың да үлесі ерен. Қазақ отбасындағы ата мен әженің ор­ны ерек­ше әрі қадірлі.  Қазақта «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп текке айтылмаған. Еліміздегі барша қарттарымызды қолдан келгенше қадірлеп, құрмет көрсету әрбір азаматтың борышы деп білемін. Сондықтан қарттарды алдағы келе жатқан 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтай отырып, олардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық пен береке тілеймін.

Ж.ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВ,
қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы