ТҮРКІСТАН:РАШИД АБАТҰЛЫ ПРАЙМЕРИЗДІҢ ПІКІРСАЙЫСЫНА ҚАТЫСЫП, ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТЫҢДАДЫ

625 көрілім

Бүгінгі “Ақжайық” музыкалық мектебінде жалғасқан Праймериздің пікірсайысына “Nur Otan” партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Рашид Аюпов қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

“Праймериз – елімізде алғаш рет өтіп жатқан, көшбасшыларды анықтайтын дода. Осындай аламанда суырылып шығып, халық қамы үшін қызмет етемін деген жерлестеріме алғыс білдіремін. Әр күнді қалт жібермей, барлық бағдарламаларды әлеуметтік желілерде тамашалап жүрмін. Көтеріліп жатқан мәселелер де орынды. Бұл жерде жалғыз дебатқа қатысу емес мәселе. Партиялық ұйымдарға барып халықпен, партия мүшелерімен кездесу керек – осы ең маңыздысы. Сол жерде олардың көкейдегі сұрақтарын есту, проблемаларын білу қажет. Және де, қолдан келгенше көмектесу.

Үміткерлер бір біріне кедергі жасамай, яғни бәсекелестікті болдырмай, бірлесіп, бір болып, халық игілігіне жұмыс жасауы керек. Жуық арада, дауыс беру кезеңі де басталады. Өзім де филиал төрағасы ретінде “Праймериз” ақпараттық жүйесіне тіркелдім. Партияның, дәл қазіргі уақытта, дұрыс таңдау жасай отыра халық жағдайын жақсартуға үлкен мүмкіндік беріп отырғанын түсінуіміз маңызды. Сондықтан, барша партия мүшелерін дауыс беруге шақырамын!”, – деген Рашид Абатұлы барша үміткерлерге сәттілік тіледі.

Бүгінгі Парламент мәжілісіне және облыстық мәслихатқа үмітті азаматтар білім, денсаулық сақтау, қала тазалығы сынды салаларды ерекше назарға алып, біршама ұсыныстарын бағдарламаларында жария етті. Одан өзге модератор мен көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға да өз деңгейлерінде жауап берді.

Рашид Абатұлы өзінің қорытынды сөзінде #ХалықтықТоп белсенділерімен бағдарламаларындағы мәселелер қалай жүзеге асырылатынын бірге жүріп көруге шақырған азаматтың ұсынысын қолдап, үміткерлерге әр ұсынысын ашық түрде жеткізуін және оған партия мүшелері әрдайым қолдау көрсететінін жеткізді.

Айта кетейік, үміткерлердің ертең де “Ақжайық” ғимаратында соңғы топтары пікірсайысқа түседі. Ал, 1-3 қазан аралығында Дауыс беру кезеңімен жалғасады. Жалпы, облыс бойынша көшбасшылық танытқан үміткерлер санымен Түркістан қаласы көш бастап, 106 азамат тіркелген болатын. Оның 72-сі ер азамат болса, 34-і әйел адам.

Қуаныш Тасыбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы