ПРАЙМЕРИЗ – САЯСИ ҚАДАМҒА БАСТАР ЖОЛ БОЛМАҚ

698 көрілім

«Nur Otan» партиясының праймериз өткізу кестесіне сәйкес, Түркістан облысының аудан, қаласында жария пікірсайыс басталды. Дебат Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы амфитеатрда өтті. Әрбір үміткерге пікір алмасуға шектеулі 5 минут уақыт беріліп, әр азамат бағдарламаларымен таныстырды.

Саяси додаға арнайы келген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бейсен Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Кезекті түзілген кесте бойынша 6 үміткер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып,  ұлтаралық достық, білім, денсаулық, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалынатын жағдай төңірегінде пікір алмасты.

– Бағдарламамның аясында жоғары оқу орындарының дамуына ерекше көңіл бөлу керек екендігін жеткіздім. Себебі, Мемлекет басшысының мынадай сөзі бар: «Қуатты өңірлер-қуатты ел». Сол сөздерді өз сөзіммен былай жалғастыратын едім: «Мықты университет, қуатты өңір, қуатты ел». Бүгінгі пікірсайыста үміткерлердің тарапынан көптеген идеяларды тыңдап, естідім. Айтылған дүниелердің барлығы жүзеге асатын болса қаламыз бұдан әрмен қарай да гүлденері айдан анық. Бұл праймериз жобасы елімізде алғаш рет өткізіліп жатыр. Сондықтан, тәжірибеміз аз десек те болады ,- деді Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов.

Айта кетейік, жалпы облыс бойынша 30 қыркүйекке дейін 200-дей жария пікірсайыс ұйымдастырылып, оған 1100-ден астам кандидаттар қатысуы керек. Соның ішінде қала бойынша 106 үміткер бақ сынауға бел байлаған.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы