ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

890 көрілім

 Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен  полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер қысқы маусымға дайындық барысында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін сақтау бағытында қала тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бүгінде  жылыту пештерінен шыққан түтінге улану жағдайларының 70 пайызы мұржаның  талапқа сай болмауынан немесе дұрыс жұмыс істемеуінен орын алуда. Осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қала тұрғындарының алдымен өрт қауіпсіздігін болдырмауға ден қойып, ережелерді сақтағандары дұрыс екені мамандар тарапынан тұрғындарға түсіндірілді.

  • Қазіргі таңда түтін мен көгілдір отынға уланудың басым көпшілігі мұржаның талапқа сай болмауынан болып отыр. Сондықтан әрбір үйдің есігін қағып үй иелеріне түсіндірме қағаздарын ұсынып, өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертіп жатырмыз.Тұрғындардан сұранатынымыз мамандардың жүргізген насихаттық жұмыстарын тыңдап ден қойса,- дейді қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Асқар Сейсенов.

 Аталмыш басқарма қызметкерлерінің  құрамы қала аумағындағы көпқабатты  үйдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігін сақтау бағытындағы арнайы жадынама таратылды. Сонымен қатар,  тұрғындарға жылу маусымы басталар алдында жылыту құрылғыларының жағдайын тексеріп, керек болған жағдайда жөндеуден өткізіп, өңдеп және әктеп, пеш мұржасын тазарту, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға немесе оны есігін ашып қойып жағуға болмайтыны ескертілді.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы