#ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ГАЗ МӘСЕЛЕСІН МЕРДІГЕРЛЕРМЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ

846 көрілім

Қала әкімі  Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен қаланы газдандыру бойынша жиналысқа #Халықтық Бақылау тобы да қатысты. Биыл Түркістан шаһары толығымен газбен қамтылады деген жоспар бар. Алайда, кестеге сай белгіленген уақыттан мердігер мекемелердің қалып келе жатқаны жасырын емес. Күз мезгілі келіп, қысқа дайындық басталар уақыттың жақындағанын, жұмысты ширату қажеттігін айтқан Рашид Абатұлы бір апта ішінде барлық мекемелер кесте бойынша жұмысты аяқтау керек екенін баса айтты.

Жиналыс барысында кеңес мүшелері мердігерлерге күн тәртібінің мәселесі бойынша сұрақтар қойды. Соның ішінде #Халықтық Бақылау тобының мүшесі Мұстафа Құлымбетов “Шавгар” мөлтек ауданында басталған газ жүйесінің аяқсыз қалғанын айтып, біршама кемшіліктерді мәлім етті. Ал, мердігерлік етіп, жұмыс жасап жатқан “Отау строй” мекемесі алдағы бір апта ішінде кемшіліктердің жойылатынына сендірді. Алдағы уақытта топ мүшесі аталған мәселені жіті назарына алатынын айтты.

“Көмірге кетер қаржыны газға келісімге тұруға жұмсағандарыңыз жөн. Қатты отынға қарағанда газ 42 пайызға үнемделеді. Сондықтан, осы жылы баршаңыз газ жүргізілген сәттен қосылып алуларыңызды сұраймын”, – деген қала әкімі алда түсініспеушілік болмас үшін, мүмкін болса 8 мекемемен келісім жүргізуге шақырды.

Аталған кездесуге көше билері де (квартком) қатысты. Соның бірі Т. Бокин көшесіндегі екі қабатты үйдің тұрғыны. Биыл газ берілетіндігін және қысқы маусымға дайындық қалай боларын сұрай келген ана “Отау Строй” тарапынан 25 қазанда газ берілетіні жайлы мекеме өкілінің уәдесін алды.

Түркістан ақпарат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы