МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫН СЕЗІНІП ОТЫРМЫЗ

571 көрілім

Негізі қазіргі болып жатқан жағдай, әсіресе білім саласындағы ерекшеліктер тек мұғалімдерге ғана емес, ата-аналарға да зор жауапкершілік жүгін артып отырғаны жасырын емес. Сәуір айында басталған қашықтықтан оқыту жүйесі бізге яғни ата-аналарға ұстаздықтың қандай қиын мамандық екендігін ұғындырды. Балаларымызбен қоса өзіміз де партада отырғандай күй кештік.

Дегенмен, бәрі ойдағыдай болып жатыр деп ойлаймын. Балаларымыздың білім деңгейі төмендеген жоқ. Керісінше, өздігінше іздену қабілеттері қалыптасып, жаңа технологиялар арқылы білімдерін алуда. Бұл салада яғни техникалық құрылғы, байланыс жөнінде өткен оқу жылының соңында біраз ата-аналар қиналғаны рас.

Ал, жаңа оқу жылынан құрылғысы жоқ, сатып алуға жағдайы жетпейтін отбасыларға компьютер, планшет, ноутбук сияқты құрылғылар, интернет байланыс жүйелері берілгелі отыр. Бұл да өте қуанатын жағдай. Мұны біз мемлекеттің балаларға жасаған қамқорлығы, білімді ұрпақ қалыптастыруға салынып жатқан үлкен күш деп білеміз. Сондықтан да билік басындағыларға осындай қамқорлықтары үшін шынайы алғысымызды жеткізгім келіп отыр. Ендігі кезекте, біз де өз тарапымыздан балаларымыздың оқуына жағдай жасап, мұғалімдермен тығыз байланыста болуымыз қажет. Баланың оқуын екі жақты қадағалау сапалы білім алуға септігін тигізеді. Сол үшін барлық ата-аналарды ұстаздармен біріге жұмыс жасап, ұрпақ білімі мен тәрбиесіне немқұрайлы қарамауға шақырамын.

Данияр АЛДАШҮКІРОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы