АТАКЕНТТІКТЕР СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

785 көрілім

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасына сәйкес кенттер мен барлық ауылдық округтердің тазалығын сақтау жұмыстары карантиндік режимге қарамай жалғасын тауып келеді.
Осы орайда Атакент кентінде жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Кент тұрғындарын көшелердегі тазалықты сақтау жұмыстарына жұмылдыру ісін кент әкімі Сламхан Азимов бастап шықты. Әрбір көше тұрғындары мен кент әкімі аппаратының қызметкерлері, 150-ге жуық кенттің еріктілері атсалысқан шарада жол бойлары мен «Алпамыс» саябағы, «Мақтаарал» стадионының маңы күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартылды.

«Тазалық жұмыстарын жүргізу дегеніміз – тұрғындардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы. Қазірде кент аумағында тазалықты сақтау мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп беріліп, тазалық жұмыстарын сақтауға кенттің ақсақалдары да тартылып жатыр»,- деді Атакент кентінің әкімі Сламхан Азимов.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы