АУДАНДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ӘЛІ ДЕ ҚАТАҢ САҚТАЛУДА

711 көрілім

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов дәріханалар мен кәсіпкерлік нысандардағы, базарлардағы тұрғындар тарапынан карантиндік режимінің сақталуын қатаң бақылауда ұстау мақсатында аудан әкімі жанынан құрылған «Мақтаарал Адалдық Алаңы» кеңсесі мен арнайы құрылған мониторинг топ мүшелері кезекті рейдтік шараларын жүргізді.

Карантиндік шектеулер жеңілдетілгенімен толықтай алынып тасталмағандықтан Мырзакент және Атакент кенттеріндегі дәріханаларда дәрілердің сатылу бағасының қымбаттамауын, олардың санитарлық тазалығын, тауарға берілетін фискальді чек, арақашықтықты сақтау, маскалық тәртіп, залалсыздандыруға арналған антисептик құралдарының болуы секілді басты талаптарды назарға алған жұмысшы топ мүшелері сауда орындарын да назардан тыс қаллырмады.

Рейд жұмыстары барысында азық-түлік дүкендері мен базарларды аралап, маскасыз жүрген бірнеше тұрғындар мен сатушыларға ескерту жасады. Сондай-ақ, азық-түлік сататын кәсіпкерлік нысандарда карантин талаптарының дұрыс орындалуын қадап тапсырды.

Бұған дейін де «Мақтаарал Адалдық Алаңы» кеңсесінің мүшелері кенттер мен барлық ауылдық округтерде де рейдтік шаралар ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Кейбір нысандарда анықталған кемшіліктер бойынша ескертулер жасалып, айыппұл да салынған.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы