ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ — ЖЕКЕ МӘСЕЛЕ

975 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Р. Аюпов тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдауда. Шаһар басшысымен жүздесуге 150-ден астам түркістандық ана өтінішін білдіре келген.

Жуырда ғана қалалық әкімдікте Рашид Абатұлы бірнеше азаматты қабылдаған болатын. Дегенмен, уақыт тапшылығы барлығымен тілдесуге мүмкіндік бермеді. Ал, бүгінгі күні “Ақжайық” музыкалық мектебінде тұрғындардың базынасы тыңдалды.

Қала әкімі әр азаматты жеке қабылдауда. Себебі, кез келген тұлғаның басында жария етпеуге тиіс жайттар бар екендігі ескерілді. Негізінен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, жұмыс, денсаулық мәселесі және тұрғын үй кезегі бойынша пәтер алу жайы айтылды.

Рашид Аюпов тұрғындардың аталған күрмеулі мәселелері шешімін табатындығына сендірді. Айтылған барлық проблемалық түйін назарға алынды. Бұл бағытта тиісті сала басшылары да әлеуметтік өтініштерді қанағаттандыруға атсалыспақ.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы