Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжінде Елбасымыздың “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру” мақаласы аясында Түркістан облысы дін істері басқармасы мен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы бірлесе отырып, діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында “Имандылық – жүрек тазалығы” атты лекция концерт өткізді. Шараның мақсаты – жастарымыздың діни сауаттылығын арттырып, иманды ұрпақ қалыптасыру.
Осы мақсатта Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Абзал Бектұрғанов пен дінтанушы Өтеген Бердәлі “Жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері” атты тақырыпта колледж студенттеріне діни тұрғыдан сауаттылықты арттыру бойынша баяндама оқыды. Баяндама барысында терроризм, секта, экстремизм, джихад ұғымдарына тоқталып, жат ағымда жүрген азаматтардың ерекшелігін айта өтті. Олардың насихаттарының негізгі бағытының бірі – әлеуметтік желілер. Қазіргі жастардың барлығы телефонға үңіледі, интернет қарайды және діни сауаттылығының төмендігінен әлеуметтік желі арқылы теріс ағымның жетегінде кететінін де жасырмады. Сөз соңында жастарымызды имандылыққа шақырып, Елбасымыздың “Дінге бас ұрып жүріп, біз оның теріс жағына түсіп кетпеуіміз керек” деген сөзімен аяқтап, іс-шара одан әрі концерттік бағдарламамен ұласты.
Тоғжан СҮЙІНДІК,
“Түркістан”.

ИМАНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
1 748 көрілім