- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің Түркістан облысына іс-сапарында берген хаттамалық тапсырмасының орындалуын қадағалау мақсатында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Қайнар Абасов Отырар ауданында болды.
Сонымен бірге облыстық партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Асқар Еркінбеков, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман мен аудандық партиялық бақылау комиссия мүшелері мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан жолдардың сапасы мен Шәуілдір ауылындағы тұрғын үйлердің жылу қазандықтарын және жылу жүйесінің құрылысы барысымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Отырар ауданы әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Құдайбергенов осы жұмыстардың орындалуы барысымен таныстырды.
Тексеру нәтижесінде аталған құрылыстар бойынша кемшіліктер анықталып, талапқа сәйкестендіру жөнінде ұсыныстар берілді. Бұл жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуы бақылау комиссиясы мен қоғамның назарында болады.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі