МЕРДІГЕРЛЕР УӘДЕ ЕТТІ

649 көрілім

Сәрсенбі күні Түркістан қаласы аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды тексеру барысында қала әкімі Рашид Аюпов бірнеше мердігер мекеме өкілдерімен кездесті.

Алдымен, Халықтық Жоба аясында жергілікті тұрғындардың ұсынысы бойынша жасалып жатқан аула маңайындағы аллеяның құрылыс барысымен танысты. Талқанбаев көшесі тұрғындарына жайлылық сыйлайтын аллеялар жақын арада аяқталмақ. Айта кетерлігі, осы маңдағы тұрғын үйлердің кіреберістеріне дейін асфальт төселмек. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме өкілі бір апта ішінде іске асыратындығы жөнінде уәде етті.

Қызылорда тас жолының оң жақ бөлігінде орналасқан жол бойында егілетін көшет пен көгалдарды суару мақсатында 40 метрлік ұңғыма қазылуда. Он күн төңірегінде жұмысы аяқталса, «Бура Юг Строй» мердігер мекемесі тарапынан көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары басталмақ. Бұған қоса мердігер мекеме өкілі осы маңайдан ыңғайлы алаңқайды қарастырып, жергілікті бүлдіршіндерге арналған екі ойын алаңшасын салып беруді уәде етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы