ПРАЙМЕРИЗДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНУДА

731 көрілім

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев өңіріміздегі аудан-қалаларда жұмыс сапарымен жүр. Сапар мақсаты – 17 тамыз бен 3 қазан аралығында елімізде жетекші партияның праймеризіне Түркістан облысында дайындық барысын пысықтау.

Осы кездесулерге «Nur Otan» партиясының аудандық филиалдарының өкілдері мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері жұмылдырылуда.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары праймеризді ұйымдастыру бойынша негізгі міндеттер мен тапсырмалар тұрғысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, аудандардағы ұйымдастыру комитеттері мүшелерін оқыту, олардың саяси додаға дайын болуын қамтамасыз ету, праймериз ережесін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізуде. Бұл ретте осы іріктеуді ұйымдастыруға жауапты азаматтардан әділдік пен ашықтық талап етіледі. Дайындық жоғары деңгейде болуы тиіс екендігі де жауаптылардың назарына ұсынылуда.

Аудандардан да партия мүшелері, белсенді азаматтар праймеризге қатысуға қызығушылық танытып жатқанын айта кету қажет. Бұл жөнінде Бейсен Дәулетұлы алдағы уақытта аудандардан да кадрлық резервке мемлекетшіл, еңбекқор азаматтарды тарту жоспары барын және жетекші партияның бұл бастамасына қоғам қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының аталған мақсаттағы сапары жалғасын таба бермек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы