ДӘРІХАНАЛАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

672 көрілім

Елдегі орын алған жағдайға байланысты халықтың көп сұранысына ие дәрілердің шектік бағасы бекітіліп, қатаң бақылау жүргізілуде. Бұл мақсатта барлық аудан-қалаларда арнайы мобильді топтар құрылып, тиісті жұмыстар жүргізңлуде.
Шардара ауданы прокуратурасы қызметкерлерінің дәрі-дәрмектерді шекті бағадан асырып сату деректерін анықтау мақсатында дәріханаларды аралаған кезекті рейдтік шарасында бірқатар заңбұзушылықтар әшкере болды. Шардара қаласы Орталық базар маңындағы жеке кәсіпкер «Сабырбекова» дәріханасында «Азитромицин» 500 мг 1500 теңге және «Аспирин кардио» 100 мг 1400 теңге қымбат бағамен сатып жатқандығы анықталды.

Ал, Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 сәуірдегі № ҚР ДСМ-42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР ДСМ м.а. 2020 жылғы 17 маусымдағы № ҚР ДСМ -68/2020 бұйрығына сәйкес, «Азитромицин» 500 мг шектік мәні 1083,32 теңге және «Аспирин кардио» 100 мг 1270,98 теңге құрайды. Яғни, кәсіпкер аталған дәрілерді біршама қымбат бағамен сатып жатқандығы белгілі болды.
Оқиға орнына аудан әкімдігінің жанынан құрылған мониторинг тобы және ауданды ішкі істер қызметкерлері келіп, фото және видеоға түсірілді. Аталған дерек АПБ-нің АЕК-не 21.07.2020ж № 2051640300001845 санымен тіркеліп, жинақталған құжаттар бойынша тиісті шешім қабылдану сатысында. Аудандағы дәріханаларға тиісті мониторингтік жұмыстар жалғасуда.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы