ЫНТЫМАҚ АУЫЛЫ ЕНДІ АУЫЗ СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

1  678 көрілім

Бірнеше жылдан бері ауылдағы ауыз су мәселесінің түйіні тарқатылмай келген Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылының тұрғындары жуырда базыналарын айтып Жетісай ауданының әкімі Жамантай Қанайұлына барған болатын. Аудан басшысының қабылдауында болып, өтініш-тілектерін жеткізген.

Айтылған өтініш бүгінде орындалды. Аудан басшысының тікелей тапсырмасымен 2000-ға жуық тұрғыны бар Ынтымақ ауылына ескі мұнараның орынына сыйымдылығы 25 мың тонналық жаңа су мұнарасы орнатылып, іске қосылды. Сағатына 40 текше метр су шығаруға қауқарлы насостар орнатылған су мұнарасы енді ауылдағы 1000-ға тарта түтінді ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бұған дейін ауылда 1000 түтінді қамтамасыз ететін су стансасы тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданына қарасты 113 елді мекеннің 101-і орталықтандырылған су құбырымен қамтылған. Өткен жылы Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған Жылы су ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенге 100 млн теңге, Ынтымақ ауылдық округіне қарасты бір елді мекенге 79,9 млн теңге қаражат қарастырылып жөндеу жұмыстары жүргізілген. 51 елді мекеннің 10-ы «Мембрана», 41-і «Омега» құрылғылары арқылы ащы суды тұщы суға айналдырып пайдаланып отыр.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы