Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай бүгін еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды.
Қаламыздағы Рәміздер алаңында коронавирус індетінен қаза тапқан азаматтарды құрметпен бір минут еске алу шарасы өтті. Еске алу рәсіміне қаламыздағы құқық қорғау органдары қызметкерлері мен төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері қатысты.Айта кетейік, індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті.
«Түркістан-ақпарат».
