Өмір парақтарында қайғы мен қасірет атаулының егіз болатыны бар. Қасіреттің ең бір ауыры қаза. Сол қазаның жеңілі болмақ емес. Төбемізден жай түсірген тағы бір қаралы хабар қала әкімі Рашид Аюповтың анасы мезгілсіз дүние салыпты.
Шаһардың жаңа бейнесі үшін ат терлетіп, қала халқы үшін шыр-пыр болып от кешіп жүрген қала әкімінің қайғысына ортақпыз. Алла жар болып, Анаңыздың алдын пейіш, артын кеніш етсін! Жатқан жері жәннәт, иманы жолдас болғай!
Сабыр түбі сары алтын демекші сабыр жолдасыңыз болсын. Тас түскен жеріне ауыр. Отбасыңызға және әулетіңізге қамыға отырып, қайғыра көңіл айтамыз. Иманы саламат болып, артында қалған ұрпақтарына мәңгі ғұмыр берсін!
Көңіл айтушылар: Түркістан қаласы әкімдігі, қалалық мәслихат,ардагерлер кеңесі,
ақсақалдар алқасы, “Түркістан” газеті ұжымы.
