ЖҰМЫСШЫ ТОП КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ТЕКСЕРДІ

789 көрілім

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған жұмысшы топ мүшелері елімізде орын алған індетке байланысты қаладағы бірнеше әлеуметтік нысандарға рейдтік шараларын жүргізді. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап елімізде карантиндік режим енгізілгені баршаға аян. Осыған орай, жұмысшы топ құрамында Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Г.Абишева, қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімінің сектор меңгерушісі Ж.Жұмабекова және тиісті сала мамандары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

– Түркістан қаласындағы жұмысшы топтың кезекті рейдтік шаралары жүргізілуде. Біздер жұмыс барысында қаладағы халық көп шоғырланатын орындарға тексеру жұмыстарын жүргізудеміз. Атап айтсақ, қаладағы халыққа қызмет көрсететін бірнеше орындарды бақылаймыз. Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин мерзімінде бекітілген талаптарды орындау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық жиналуға болмайды. Одан бөлек, әлеуметтік нысандарда белгіленген арақашықтықты сақтау қажеттігі ескертілуде. Рейд барысында кейбір халыққа қызмет көрсететін мекемелер тарапынан аталған талаптар сақталмауда, – дейді Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Г.Абишева.

Рейд барысында жұмысшы топ мүшелері қаладағы «Каспий банк», «Халық банк», «Алтын бұлақ» базары мен пошталарды, дәріханаларды тексерді. Нәтижесінде карантин режиминде талаптарды сақтамаған мекеме басшыларына хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, жұмысшы топ мүшелері қаладағы қоғамдық көліктердегі белгіленген талаптарды тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында қоғамдық көліктерде тұрғындардың арақашықтықты сақтау, бетперде тағу, жүргізушілерге көліктерді тұрақты түрде дизенфекциялау қажеттігі айтылды. Алдағы уақытта жұмысшы топ тарапынан тексеру шаралары тұрақты бақыланатын болады.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы