ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР МЕН ВОКЗАЛ АУМАҒЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

834 көрілім

Түркістанда қоғамдық көліктер мен темір жол вокзалы аумағы және халық шоғырланатын өзге де орындар залалсызданды, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі  Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Кестеге сай, күнделікті үй аумақтарын дезинфекциялау жұмыстары жалғасады. Дезинфекция жасалған уақытта аса қажеттіліксіз үйден шықпаған абзал.

Сыртқа шыққанда үнемі медициналық бетперде тағып, арақашықтық сақтап, антисептик қолданып жүрулеріңізді өтінеміз!

Одан өзге, кәсіпкерлік нысандар өзіне қарасты аумақтарды демалыс күндерде, тұрғындар денсаулығы үшін және пандемияны сейілту мақсатында дезинфекция жасауға міндетті екенін ескерте отырып, әрдайым тазалықты сақтап, шарттарды орындауын сұраймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы