Түркістан қаласының әкімі Р.АЮПОВ: КАРАНТИН РЕЖИМІ КҮШЕЙТІЛІП ЖАТЫР

1  928 көрілім

Түркістан қаласында коронавирус індетіне орай карантин режимі күшейтіліп жатыр. Осыған байланысты Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың қаулысына өзгерістер енгізілді. Ол жайында қала әкімі өзінің әлеуметтік желі парақшасында жариялады. Ендеше назарларыңызға әкімнің желідегі жазбасын ұсынамыз.

Құрметті қала тұрғындары!

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №24 Қаулысына сәйкес алдыңғы талаптар мен шарттарға өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.

65 жастан асқан адамдарға аса қажеттіліксіз көшеге шығуына, 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне және отбасы мүшелерін қоспағанда 3 адамнан артық жиналуға, сондай-ақ саябақтар, алаңдар, скверлер мен субұрқақтарда серуендеуге тыйым салынады.

Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, санитариялық-дезинфекциялық талаптарды орындауы міндеттеле, аптаның 6 күні 10.00-17.00 аралығында жұмысын жалғастыруға құқылы. Халыққа қызмет көрсету орталықтары да 10.00-17.00 аралығында санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте қызмет көрсетеді.

Қоғамдық көлік жұмысы таңғы 6.00-10.00-ге дейін және кешкі 17.00-21.00-ге дейін санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, шектеледі.

Қоғамдық орындарда, көшеде міндетті түрде медициналық бетперде тағып, арақашықты сақтауды сұранамыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы