- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Елімізде болып жатқан індеттің өршуіне байланысты Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулы шығарған болатын. Оқырман назарына қаулының толық мәтінін ұсынамыз.
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы №23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Мен, Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 21-бабы 12-тармағының 6) тармақшасына, 150-бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының талаптарын орындау мақсатында және Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын-алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Түркістан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша шектеу іс-шаралары және карантинді ұзарту туралы» Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06 маусымдағы №23 қаулысына өзгерістер енгізілсін (бұдан әрі-Қаулы).
1. Қаулының 1 тармағы келесі тармақшалармен толықтырылсын:
6) 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығуы шектелсін;
7) 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынсын;
8) отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан артық жиналмасын;
2. Қаулының 1 тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда өзгертілсін:
Азаматтардың саябақтарда, алаңдарда, скверлерде, су бұрқақтарда, жағалауларда серуендеуіне тыйым салынсын;
3. Қаулының 2 тармағы келесі тармақпен толықтырылсын:
4) Қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, алаңдардың, жағалаулардың, су бұрқақтардың және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жұмыстары тоқтатылсын;
4. Қаулының 3 тармақшасының 2), 13), 17), 18), 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
– Азық-түлік және азық – түлік емес базарлары бір күн санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып санитарлық күнге жабылсын және жұмысы аптаның 6 күні ішінде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін шектелсін.
– «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» жұмысын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін шектелсін;
– СПА орталықтарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, жұмысы сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектелсін;
– Халық үшін фитнес-қызмет көрсету бойынша спорт кешендерінің жұмысын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектелсін;
– Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың және олардың филиалдарының, кеңселерінің басшыларына қызметкерлердің кемінде 75% қашықтан жұмыс режиміне ауыстырсын. Бұл ретте тұратын жері бойынша жұмыс үшін жауапкершілік бірінші басшыға немесе ол тағайындаған жауапты тұлғаға жүктеледі;
5. Қаулының 3-тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:
24) Қала ішіндегі қоғамдық көліктің жұмысын 06.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 21.00-ге дейін, санитарлық-дезинфекциялық режимі күшейте отырып шектелсін;
6. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
7. Осы қаулының барлық мүдделі ведомстволарға жеткізу, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар ету.
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н. Нышанов.