ТІГІН ТІГІП ТАБЫСЫН АРТТЫРЫП ОТЫР

1  213 көрілім

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекенінің тұрғыны Балжан Жұмамұхаммед бүгінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында алған қаржысын тиімді пайдаланып, кәсібін кеңейтіп отырған жан.

Осыдан 2 жыл бұрын тігіншілікті кәсіп еткен Балжан өткен жылы 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Қолға тиген қаржыны тиімді пайдаланып, Шымкент қаласынан әрбірі 150 мың теңге тұратын тігін машиналарының 3 данасын алған. Бүгінде өз үйінің бір бөлмесін шағын тігін цехына айналдырып, өзінен бөлек қолының ебі бар тағы 1 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыған.
Жас келіншектің айтуынша, мемлекет тарапынан тағы да қаржылық қолдау көрсетілсе кәсібін ары қарай кеңейтуге дайын.

Айта кетейік, Балжан киімдерді өңдеп, қысқартып қана қоймай тапсырыс бойынша қазақы киімдер мен қыз жасауларын да тігеді. Дизайн мен еңбек ақы тапсырыс берушінің таңдауына қарай жүргізіледі. Күн санап тіккен киімдері көпшілікке таныла бастаған Балжан округтегі тігіншілікке қызығушылық танытып, үйренемін деушілерге қосымша оқу курстарын да өткізеді екен.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы