- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Облыс орталығы Түркістан қаласына көрші Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша гуманитарлық көмек жетті.
Әлем елдерін аяғынан тік тұрғызған аты жаман індетпен күреске қолдау білдіруді мақсат еткен шараның берері мол. Үш көлікпен жеткізілген көмек керуенін облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі С.Ниязходжаев секілді лауазымды тұлғалар және тиісті мамандар күтіп алды.
Тарихы мен дәстүрі сабақтасып жатқан түркі халықтарының бір-біріне осылай көмектесіп тұруы қуанарлық іс. Бұл жолы өзбек туысқандар 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық бетперде, 150 мың медициналық қолғап, 440 кереует және 1000 термометр жіберген.
Аталмыш көмектер алдағы уақытта облыс аумағындағы барлық медициналық мекемелерге таратылатын болады.