ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ МӘҢГІ ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС

3  425 көрілім

Еліміздің шерлі тарихы болған саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Жиырма үш жыл бойы қазақ жұрты осы күнді ерекше құрметпен атап өтіп келеді.

Елімізде қуғын-сүргін құрбандарына арналған күн белгіленіп қана қоймай, түрлі жобалар жүргізілуде. Мәселен, тәуелсіздік жылдары 146,5 мың кінәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.

Ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін кінәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, түрмелерде жазықсыз көз жұмды. Бүгінгі егемен Қазақстанның әрбір азаматы үшін зұлымдық құрбандарын еске алу және есте сақтау сақтау жас ұрпақ үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парызымыз. Олар бүгінгі ұрпақ барда мәңгі ұмтылмақ емес.

Бекболат ТУРЕКУЛОВ,

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті кадр саясаты бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы