Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жауапты хатшысының 24.10.2018 жылғы №174 бұйрығымен Мұхит Бекетұлы Тұрғараев Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Үстіміздегі жылдың 25 қазан күні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Д.Айтмұхаметов арнайы келіп, Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Мұхит Бекетұлы Тұрғараевты ұжымға таныстырып, жаңа қызметіне табыс тіледі.