ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУДІ ТАЛҚЫЛАҒАН ОТЫРЫС

844 көрілім

Түркістан облыстық соты және Түркістан қалалық сотының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті.

«Сотқа дейінгі және соттағы еңбек дауларына қатысты татуластыру институтын дамыту» тақырыбында өткен шараның маңызы ерекше болды. Жұмыс беруші мен жұмыс алушы тараптардың ынтымақтастығын нығайту, оның тиімділігін арттыру, еңбек заңнамасын қолдау мәселелерін талдау мақсаты назарда ұсталды. Сонымен бірге екі жақта үнемі орын алатын дауларды шешудің нақты жолын іздестіру басты назарға алынды.

Облыстық және қалалық соттарының судьялары, денсаулық сақтау, білім беру, еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың, ішкі істер органдарының, прокуратураның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Көтерген тақырыбы, ортаға салар ойы үлкен болған жиналыстың ашылуында Түркістан облыстық сотының судьясы Серік Дзюлиев кіріспе сөз сөйледі. Сондай-ақ шараның ойдағыдай өтуін қамтамасыз ете отырып, модераторлық қызметін атқарды.

Атаулы шара барысында сала мамандары «Еңбек дауының алдын алу», «Еңбек дауларының шешілуіндегі рөлі» тақырыбында баяндамалар жасап, еңбек мәселелері бойынша заңда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тілге тиек етті. Аталмыш даудың алдын алу жəне консультативтік кеңестің жұмысы бойынша мәселелер талқыланды. Пікір-таластар жүргізіле отырып, еңбек дауының шешілу жолдары жан-жақты пысықталды.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы