Кітапхана – мәдениетті дамытатын және өз қорында халықтың өткені мен болашағын сақтайтын киелі орын. Қазіргі сұраныс технологияны біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануды қажет етеді.
Бүгiнгi тaңдaғы қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді.
Қазіргі қоғамның негізгі сипаты оның белсенді ақпараттануы яғни ақпараттық технологияның адам өмірінің барлық саласына енуі. Жаңаша технологияларды кітапхана жұмысында дамыту ең алдымен біліктілікті арттыру басты назарға алынады. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кітапхана оқушылардың білімі мен максималды ақпараттандырылуын қамтамасыз етуі керек. Өзімізге белгілі, қазіргі таңда пайдаланушылардың яғни оқырмандардың санының төмендеуі ащы да болса шындық. Өйткені заманауи технологияларды өз беттерінше қолдану арқылы олардың көбі желіге көшіп отыр.
Электрондық ортада кітапханашылар өздерінің қызығушылықтары бойынша қауымдастық топтар құру, олармен өзекті тақырыптарды талқылау және тәжірибе алмасу қажет. Яғни, бұл кітапхананың жаңа имиджі болып саналады. Өйткені, кітапхана ақпарат сақтаушы, адамдардың біліктілігін арттыру мақсатында оқырмандарға қызмет көрсетуші орта. Мектептегі ақпараттық мәдениет – бұл кітапқа, кітап оқуға деген ынтаны, сүйіспеншілікті оята білудің, түрлі ақпараттық дерек көздерін іздестіруге және оларды тиімді пайдалануға машықтандыруға, өз бетімен білім алуға үйретудің алғашқы қадамы.
Бүгінгі таңда елімізде орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты барлық қоғамдағы жұмыс орындар қашықтықтан оқу мен жұмыс істеуге көшірілді. Қашықтықтан жұмыс істеу кезеңінде кітапхана мамандары өз салалары бойынша жұмыстарды онлайн форматта атқарып келеді. Осы орайда, кітапханалар (шалғай ауылдармен қоса) әлеуметтік желілерде: Facebook, Mail.ru, ВКонтакте, Instagram парақшаларында олар пайдаланушыларға әдебиеттердің виртуальді шолуын, экскурсия, кітапханада өткізілетін әртүрлі іс-шаралар, қажет әдебиеттерге онлайн қолжетімділік туралы өздері жария ету мүмкіндігі мол.
Ақмарал ТЕМІРБАЕВА,
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан облысының әдістемелік орталығы» КММ-нің кітапхана ісінің әдіскері.