ҚОҢЫРАУСЫЗ ҚОШТАСҚАН ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТАҢДАУЫ АЙҚЫН

1  198 көрілім

Түлектер үшін білімнің түпсіз теңізіне шомылдырған ұстаздары мен алтын ұясымен қоштасу – аса маңызды сәт. Ендеше, мектеп бітіру кеші де – ең жарқын, көңіл толқытарлық, ұмытылмас мереке. Бір өкініштісі биыл осындай думанды мерекелердің бірде бірі өткізілмейді.

Басты себеп, әлемді алаңдатып отырған пандемия. Бүгінде шаһарымыздағы 32 мектепте 1507 бітіруші түлектердің 1150 ҰБТ-ға қатысады. Қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің бастамасымен кәсіби бағдар бойынша онлайн сабақ өткізілді. Ондағы мақсат – мектеп бітіруші түлектердің тест жүйесіне дайындалу барысы бойынша ойларын білу. Мәселен, Ғ. Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінің оқушысы Ақерке Дәнебектің таңдаған мамандығы фармацевт-провизор. Ол өзінің таңдауын халық игілігіне пайдасы бар мамандық деп есептейді. Ал, С.Ерубаев атындағы №7 мектеп – интернатының түлегі Тоғжан Дүйсенбектің таңдауы туризм саласына түсіпті. Туризмнің ордасы Түркістан үшін мамандығымның септігі мол деп ойлайды. Себебі, шет елден келген қонақтарды өз еліне қызықтыра білу маманға байланысты дүние деп біледі.

Биылғы дәстүрлі қоштасу кеші індетке байланысты өзгерді. Ол өзгеріс түлектер есінде қоңыраусыз өткен кеш болып қала бермек.

Шынар БОЛАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы