ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ОРАЛДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

1  173 көрілім

Соңғы кездері облысымызда жекпе-жек спорт түрі дамып келеді. Бұған жекпе-жектен Қазақстанда өткен соңғы жарыстардың нәтижелері дәлел.

Жақында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан кубогы сарапқа салынды. Айтулы додаға Түркістан облысынан 5 бірдей спортшымыз қатысқан болатын. Аталмыш жарыста жерлесіміз Берік Шаназаров (61 кг) 3-ші орынды қанағат тұтты. Ал, Махсуда Джаппарова (62 кг) жайлы әңгіме тіптен бөлек. Ол, бір айдың ішінде 2 рет айтулы жарыстарда қарсылас шақ келтірмей жеңіс тойын тойлауда. Бұл жолы да Махсуда мақсатына жетіп, өз салмағында турнир жеңімпазы атанды.

-Бүгінде басқа өңірлер сияқты Түркістан облысында да жекпе-жек ұлттық спорт түріне қызығушылық танытып отырған жастар қатары күн санап артуда. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі таңда осы спорт түрімен 90-ға жуық жас жеткіншектер айналысып, жекпе-жектің қыр-сырын меңгеруде. Барлығының да талабы, ынтасы жоғары,-дейді облыстық жекпе-жек ұлттық спортының аға жаттықтырушысы Азиз Анетов.

Р.АРТЫҚБАЙҰЛЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы