- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жақында Балқаш қаласында “Жастар жылы” аясында 2003-2004 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында бокстан IX Халықаралық турнирінде жерлесіміз Әділжан Жандарбек (63 кг) жеңіс тұғырының биік сатысынан көрінді. Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей сияқты елдерден келген жас былғары қолғап шеберлері бақ сынаған дүбірлі жарыста Ахмет Керімжанов баптайтын боксшымыз Әділжанға тең келер қарсылас табылмады.
Айта кетейік, жоғары нәтижеге қол жеткізген үш бірдей спортшымыздың барлығы да Ә.Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ-нің спортшылары. Жеңісті күндеріңіз көп болсын, жерлестер!