Өткен жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері және бірнеше Халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған таеквондошымыз Нұрлан Мырзабаев 8-10 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Чунчон қаласында өткен «Korea Open» рейтингілік Халықаралық турнирінде тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, 80 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен жерлесіміз (жаттықтырушысы Ринат Құралбаев) күміс медальды қанжығасына байлады. Айта кетсек, соңғы жылдары Нұрлан Мырзабаев Қазақстан құрама командасы сапында сәтті өнер көрсетіп жүргенін мақтанышпен айта аламыз.

“ЧЕМПИОНДАР МЕКТЕБІНЕН” ТАҒЫ ДА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ
1 292 көрілім