ҮШ БІРДЕЙ СПОРТШЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

1  280 көрілім

Жақында Зайсан қаласында ұлттық жекпе-жек түрінен болған байрақты бәсекеде Түркістан облысының үш бірдей спортшысы жеңіс тұғырының биік сатысынан көрінді. Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан мемлекеттерінің мықтылары жиналған дүбірлі додада Еуразия кубогы сарапқа салынды. Кіл мықтылар жиналған байрақты бәсекеге тыңғылықты дайындықпен барған Махсуда Джаппарова (62 келі) мен Ертай Әуелбек (70 келі) 2-ші орынды місе тұтса, бапкерлер үмітін ақтаған Мақсат Есболат 75 кг салмақ дәрежесі бойынша Еуразия кубогының жеңімпазы атанды. Жеңіс құтты болсын!

Райымжан ӘЛІБАЕВ,

“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы