МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

826 көрілім

2017 жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің әрбір қазақстандық үшін маңызы жоғары әрі ел тарихындағы маңызды шешімдердің бірі болды. Оған дейін медициналық сақтандыру ерікті түрде болды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – халық денсаулығын, мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе. МӘМС жүйе қатысушыларына дер кезінде, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді.

МӘМС жүйесінде мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде келесі қызмет түрлері бар:
жедел жәрдем және санитариялық авиация;
әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі медициналық көмек;
шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
профилактикалық егулер;
Бұл пакет Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді болады.

МӘМС жүйесіне қатысушылар келесі қызмет түрлерін ала алады:
амбулаториялық-емханалық көмек;
стационарлық көмек;
стационарды алмастыратын көмек;
жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету.
Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету көзделеді.

МӘМС енгізудің халыққа берер пайдасы өте зор. Атап айтқанда:
Амбулаториялық, дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету желісін кеңейту жолымен халықтың қызметтерге қолжетімділігі артады;
Сапалы медициналық көмекке қолжетімділік деңгейі артады;
Азаматтардың денсаулықтары жақсарып, өмір сүру ұзақтығы ұлғаяды;
Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз;
Сақтандырылған азамат электрондық денсаулық сақтау кабинетіндегі жеке парақшасына кіріп, көрсетілген медициналық қызметтер, денсаулық жағдайы, төленген жарналар туралы ақпаратпен таныса алады. МӘМС-ті таңдау – тұрғындардың қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи қолжетімді медицинаға жол ашады.

Д.АБДУКАДИРОВА,
Түркістан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының дәрігер эпидемиологы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы