БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕКТІҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ

985 көрілім

Бүгін таңертең Талдықорған қаласында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек  ауыр дерттен көз жұмды. Белгілі журналист саналы ғұмырын қазақ журналистикасының дамуына үлес қосуға арнады.

Бейсен Құранбек 1971 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылында туған. Өміріндегі шығармашылық жолында телеарна тізгінін ұстап, газет беттерінде есімі қалды. Атап айтқанда,  “Спорт” газетінде, “Рахат”, “31 арна”, “Хабар” телеарналарында және Президент телерадиокешенінде абыройлы қызмет атқарған. Тынымсыз  еңбегінің арқасында 2007-2012 жылдар аралығында Алматы облыстық “Жетісу” телеарнасының бас директоры болып жұмыс жасады.

“Қазақстан мәдениет қайраткері” атанған жан жемісті жұмысымен көзге түсіп Қазақстан Президенті сыйлығына ие болған. Әсіресе телевизия саласында танылған әріптесіміз “Айтуға оңай”, “Қарекет” бағдарламаларын жүргізіп, ұлттық арнаның бет-бейнесіне айналды.  

«Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігінің ұжымы марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы