МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ БІРГЕ!

743 көрілім

Мақтааралда орын алған төтенше жағдай жеке кәсіпкерлерді де бей-жай қалдырмады. Облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Қуаныш» ЖШС-і сауда орталығының кәсіпкерлері «Біз біргеміз!» акциясына үн қосып, мақтааралдық ағайындарға гуманитарлық көмек көрсетті.

Сауда орталығының директоры Инара Намазбаева бастаған бір топ кәсіпкерлер үйлері суға кетіп, дүние-мүліктерінен айырылған отбасы мүшелері мен эвакуацияланған аймақтағы Мақтаарал жұртына азық-түліктен бастап, гигиеналық заттар, төсек орын жабдықтары және ыдыс-аяқ, ерлер, әйелдер, балалар киімдері мен жаңа аяқ киімдерін жинады. Бұдан бөлек кәсіпкерлер қаржылай да үлес қосты. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының тұрғындарына ең қажетті өнімдердің қатарында гигиеналық заттар тұр. Жиналған қаражатқа тағы да балалар жаялығы, сабын, сусабын, кір жуғыш ұнтақ секілді заттар сатып алынды.

Кәсіпкерлер тарапынан табысталған өнімдер арнайы қораптарға салынып, жүк көлігіне тиеліп, мақтааралдық ағайынға жөнелтілді.

Ақмарал ҒАНИҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы