АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ КЕНЕЛДІ

945 көрілім

Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы әлемді шарпыған пандемия мен мамыр айының басында Мақтaаралда орын алған төтенше жағдаймен тұспа тұс келді. Соған қарамастан Үкімет тарапынан соғыс ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетіліп, жан-жақты қолдау табуда. Бұл елімізде қандай да жағдай орын алғанына қарамастан олардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды деген сөз.

Мерейлі мереке күні қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадыр Ирсметов басшылығында бір топ зиялылар Түркістан қаласында бүгінде көзі тірі 4 соғыс ардагерінің бірі Немет Абдрасилов пен тыл ардагерлерінің шаңырақтарында болды. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің соғыс даласындағы естеліктерімен бөлісті. Бірлестік тарапынан бізге бейбіт күнді сыйлаған ардагерлеріміз құрметіне жылы лебіздер айтылып, сый-сияпаттар тапсырылды.

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы