Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесі қарсаңында «Бітімгер» медиаторлары қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен қаламыздағы бір топ тыл және еңбек ардагерлері «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. «Түркістан» газетінің редакциясында өткен шарада аталмыш бірлестік төрағасы Бақытжан Бейсембаев пен Түркістан қалалық Ұлттық Ұлан ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Батырхан Сансызбаев қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетовке, орынбасары Пернетай Досыбековке арнайы тапсырды.
Сонымен қатар, мұндай марапатқа Өтепберген Қуанышбаев, Әсілтай Орымбетов, Кеңесбек Бөкебаев, Әбдіхан Әбдіқадыров, Серікбай Боқанов, Кеңес Мәрсәлі, Сатыбалды Қарпықбаев, Шора Исмолдаев, Жақсыбек Бейсенов, Шәймерден Әйтпенбетов, Әбдікамал Әшімбеков, Төлеген Сансызбаев, Мырзан Ханділлаев, Әсілтай Досыбеков, Сауранбай Байжанов ардагер ағаларамызға медальдар табысталды.
Ардагерлер ұйымына қолдау көрсетіп, кеңінен насихаттап жүрген «Түркістан» газетінің директор-редакторы Мәлік Дәулетов пен бөлім меңгерушісі Қуаныш Тасыбаевта «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» мерекелік медальіне ие болды. Жалпы, Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында осындай құрмет 120-ға жуық азаматқа тапсырылды.
Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.
