- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Мақтаарал ауданында орын алған оқиға әрбіріміз үшін қиынға соққаны анық. Апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созу мақсатында түркістандық ерікті жастар жұдырықтай жұмылып, қолдан келгенше көмек беруде.
Қайырымдылықпен ұдайы айналысуды мақсат еткен Түркістан қаласының “Асар” волонтерлік ұйымы бойын қорқыныш билеген Мақтаарал тұрғындарын сабырға шақыруда. Олар әлеуметтік желілер арқылы қаржы жинақтап, оған киім-кешектер мен гигиеналық заттар, сондай-ақ Covid-19 індетінің алдын алу мақсатында антисептикалық құралда мен медициналық бетперделер алып, тұрғындарға үлестірді.
“Көп түкірсе, көл” демекші , жастардың бір тобы колледждер мен мектептердің спорт залдарына жайғасқан халыққа азық-түлік, ыстық тамақтармен көмек көрсетсе, енді бірі көрпе-төсектер, қажетті киім-кешектерді, келесі бірі гигиеналық заттармен қамтамасыз етуге атсалысты.

“Қол ұшын созсам” деген ниеттің және бір ауыз жылы сөздің өзі мақтааралдық ағайынның көңіліне демеу болғандай! Осындай қиын сәтте көмек қолын созған жастардың қатары көп болғанымен мақтанамыз!