ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН. ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

1  201 көрілім

9 мамыр – Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай жергілікті бюджеттен Түркістан қаласы бойынша жалпы саны 977 адамға қаржы берілді, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі  Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Қан майдан мен сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін отқа түскен азаматтарға қолдау төмендегі тізім бойынша іске асты:

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектері тізіміне орай: 4 ардагерге 1 млн. теңгеден;
Ұлы Отан соғысы қатысушысына теңестірілген 288 адамға 55560 теңгеден;
Соғыста қаза болған жауынгерлердің жұбайлары тізіміне орай: 24 адамға 30 мың теңгеден;
661 тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден қаржы аударылды.

Жоғарыда көрсетілген 4 ардагердің ең үлкені 98 жаста. Ең жасы 93-те. Бүгінгі Тәуелсіз елде жарқын күн кешіп отырғанымыз қаймықпай, өмірін қиюға даяр болған жандар қандай сый-сыяпат болса да лайықты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы