ҰЛТ ТАҒДЫРЫ ҰЛТБАСШЫ ҮНДЕУІНДЕ

1  076 көрілім

Әлем жұртшылығын алаңдатқан індетпен күресу кезеңінің шарықтау шегі де жеткендей. Жұмыр жердің күллі тұрғындарының басына қатар төнген қауіпке қарсы тұру үшін бір жұдырықтай жұмылып, бірлікте әрекет етуде. Соңғы уақытта туындаған қиын жағдайлар бір-бірімізге сеніміміз бен адал ақ ниетімізді нығайта түскен сыңайлы.

Осы орайда, өз еліміз Қазақстанда да аты жаман індетке қарсы тұру жолында алдын алу шаралары қатаң қабылданып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде шешім шығарып, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында арнайы Үндеулер жариялап келді. Бұл да болса еліміздің осындай ауыртпашылық кезеңде мойымай, керісінше бірлік пен татулықтың керегесін кеңейтіп жатқанының айқын бейнесі болса керек.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы саясаты мен ұтқыр шешімдерінің қиын жағдайда медеу болып жатқаны бір бұл емес. Мемлекет басшысының мәлімдемесінен терең түйсініп, байыпты ұғына алатын жәйттарымыз өте көп. Бұрын айтылған үндеулерінде карантин кезеңіне байланысты оқу ордаларының жабылуы мен шәкірттердің қашықтықтан оқуға көшуіне байланысты мұғалімдерге ауыр жүк артылғаны айтылған. Алайда, қазіргі жағдайды саралай келе бұл қорқынышты да біз бірге болып жеңіп шыққанымызды айқын аңғаруымызға болады.

Айдана Құрбанәлі,
Алматы қаласы, 157 ЖББМ
Математика пәні мұғалімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы