БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ – ОЗАДЫ

918 көрілім

Баршамызға белгілі, Қазақстан халқы 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режиміне көшкен болатын. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына тағы да өзінің мәлімдемесін жасады. Қауіпті вирустың елімізде кең жайылып кетпеуі үшін азаматтарымыздың өмірін қорғап, денсаулығын сақтау мақсатында төтенше жағдай режимін мамыр айының 11 жұлдызына дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойылды.

Заңға сәйкес дәл сол күні ТЖ режимінің аяқталатындығын нақтылап жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы аталған дертпен күресуде алдыңғы қатарда жұмыс атқарып жатқан дәрігерлерге, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге және волонтерларға үлкен алғысын білдірді.

Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы дерт. Оған жеңіл-желпі қарауға болмайды. Сондықтан да бұл дертпен күресу баршамыздың ортақ міндетіміз деп білемін. Қазақта «Бірлігі – бекем ел озар» деген керемет нақыл сөз бар. Бірлік пен елдіктің, ұйымшылдық пен шыдамдылықтың сыналатын уақытында Мемлекет басшысының қабылдаған шешімі орынды деп ойлаймын.

Қасиетті Рамазан айында шыдам мен төзімді, сабыр мен қанағатты мұрат тұтқан барша қала тұрғындарын сақтық ережелерін сақтап бұл індетпен бірге күресуге шақырамын! Біз біргеміз!

Ералы ҚАМБАР,

Түркістан қалалық “Жастар ресурстық орталығының” директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы