ҮШ БІРДЕЙ СПОРТШЫМЫЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

610 көрілім

Соңғы жылдары елімізде, қала берді қаламызда спорттың жекпе-жек түрлері дамып келеді. Оны спортшыларымыздың облыстық, республикалық, Халықаралық додаларда жеткен жетістіктерінен байқауға болады. Осы орайда, «Балуан Шолақ» спорт кешенінде таэквондодан (WT) жеткіншектер, кадеттер және жастар арасында Сүйіліш батырды еске алуға арналған Халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Дүбірлі жарысқа еліміздің барлық аймағымен қатар Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысып, киелі қала төрінде бақтарын сынады.

Турнирдің шымылдығын ашқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, осы жарыстың бас демеушісі Сәбит Рысбековтер биыл алғаш рет жалауы көтерілген турнирге қатысып отырған барша даянг шеберлеріне сәттілік тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.

Аталмыш турнирге 550-ге жуық сайдың тасындай іріктелген таэквондошылар жиналды. Үш күнге созылған жарыста түркістандық үш бірдей спортшымыз жеңіс тойын тойлады. Алаң қожайындары есебінде бар өнерлерін паш еткен Айсу Жақсылық (22 келі), Аида Тұрсынбекова (33 келі), Назым Махмұтова (+59 келі) Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Жеңістерін Наурыз мерекесіне арнаған бұрымдыларымызға алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары