ЧЕМПИОНДАР МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ БИБАРЫС ТАҒЫ ДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

909 көрілім

Түркістан облысының орталығындағы Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің соңғы жылдардағы жетістіктері өңір тұрғындарына ерекше қуаныш сыйлап жүр. Соның жалғасы өткен аптаның соңында ғана Атырауда өткен дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының жекелей чемпионатында Бибарыс Әбдіғанидың жеңімпаз атанғанын қуана хабарлаған болатынбыз. Арада екі күн өткен соң тағы да қуанышты жаңалықтың куәсі болдық. Атап айтсақ, Бибарыс Әбдіғани Алматы қаласында өткен самбо күресінен 1999-2000 жылы туылған жастар арасында ҚР чемпионатында абсолюттік салмақта және өз салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанып, арнайы тігілген су жаңа «Ниссан» автокөлігінің иесі атанды.

Дәурен Тәңірбергенов басқаратын осы спорт мектебін «чемпиондар мектебі» деп атадық. Себебі, бүгінде бір мектептен ұлттық құрамада үш бірдей спортшы ел намысын қорғап жүр. Солардың ішінде бүгінде ел мақтаныштары Дидар Хамза (дзюдо), Бек Нұрмағанбет (бокс), Нұрлан Мырзабаевтар (таэквондо) әлемдік додаларда атой салып жүр. Сонымен бірге, бұл мектепте бұрымды қыздарымыз да аз емес.

М.ДӘУЛЕТОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы