- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Өскемен қаласында кадеттер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионаты мәреге жетті. Еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан жалпы есебі 500-ге жуық спортшы қатысқан ел біріншілігінде жерлесіміз, №2 ОРМБЖ спорт мектебінің спортшысы Назым Махмутова +59 келі салмақта чемпион атанды (жаттықтырушылары Рахымжан Жыңғылбаев пен Абзал Тұраров). Болашағынан зор үміт күттіретін жас таэквондошымыз жартылай сында Алматы қаласының спортшысы, Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Карина Каримовадан басым түссе, бас жүлде үшін тартыста шымкенттік Рухсана Атабековадан айласын асырды. Осылайша бабы мен бағы жанған Назым мамыр айында Иордания астанасы Оман қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.