ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ – САУАПТЫ ІС

2  524 көрілім

Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік қасиеттерінің бірі. Бұл үрдіс қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Қайырымдылық – сауапты іс болып табылады. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

Осы орайда, елде жарияланған төтенше жағдай кезінде тұрмысы төмен және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелеріне көмек қолын созып, «Біз біргеміз» акциясы аясында өзге ұлт өкілдері (түрік, славян этномәдени орталықтары) қайырымдылық шараларын ұйымдастыра отырып, азық-түлік өнімдері табыстады. Өз кезегінде көмек алған отбасылар ізгі тілектерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Қ.Тасыбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы