17 сәуір күні Түркістан қаласында коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелген болатын. Сол сәттен бастап шектеулер күшейіп, қала карантинге жабылды. Қалада төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты тұрғындардың бей-берекет көшеде жүруіне шектеу қойылды. Осыған орай, «Алтын бұлақ» базары кәсіпкерлеріне қалалық ішкі саясат бөлімі басшысы Бақытжан Букебаев бастаған жұмысшы топ азық-түлік тауарларын қала тұрғындарының үйлеріне жеткізу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында бірқатар кәсіпкерлер үйге жеткізу қызметі бар екендігін, сондай-ақ, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылатынын жеткізді.
Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.