АСЫЛЖАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

1  388 көрілім

Түркістан қаласы жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұржан Сарыбаев өз шәкіртінің жеңісімен мақтанады. Талай жылдардан бері төккен ала тердің қайтарымы болса керек Ғ.Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінің оқушысы А.Кәрім қазақша күрестен жүлделі орынды иеленді.

Алматы қаласында жасөспірімдер арасындағы жарыста өз қарсыластарының жауырынын жерге тигізген Асылжан жарыстың ең биік тұғырына көтерілді. Осы күнге дейін қала, облыс, республика көлемінде бозкілем үстіндегі жарыстарға белсене қатысып жүрген ол түркістандықтарды осылайша қуантты. Болашағынан үлкен үміт күттіретін А.Кәрім оқуда да үлгілі болумен қатар спортта өз орнын тауып келе жатқан жеткіншек. Жаттықтырушысы мен ата-анасының үмітін ақтауды мақсат тұтқан ол жуырда ғана Түркістан облысы Шаян елді мекенінде өткен іріктеуде көзге түсіп, өз құрдастары арасында жеңімпаз атанған еді. Алда әлі талай жарыстар бар. Асылжанның сол додаларда да жеңіс шыңынан көрінетіндігіне сенімдіміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы