ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АРМРЕСТЛИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

396 көрілім

Алматы қаласында өткен Армрестлингтен 44-ші әлем чемпионатында Түркістан облысы Шардара ауданының спортшылары қанжығаларына 28 алтын медальді байлап, Қазақстан Республикасының Гимнің 28 рет шырқатты. Және бұл медальдарға қоса жерлестеріміз 10 күміс, 5 қола медальға қол жеткізіп әлемдегі теңдеусіз клуб екенін тағы да дәлелдеді. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы командалық есепте 1 орынды абыроймен жеңіп алды.

Қол күресі спорты елімізде айрықша дамыған аймақтың бірі – Шардара ауданы. Шардаралық Армспорт мектебін «Чемпиондар шеберханасы» деп атауға болады. 2001 жылы негізі қаланған «Shardara Arm» спорт кешенінен бүгінге дейін 130 әлем чемпионы, 300 Азия чемпионы, 462 ҚР чемпионы шыққан. Бұған халықаралық жарыстар мен республикалық турнирлерді қоссаңыз аймақтан шыққан білекті де жүректі қыз-жігіттердің жетістігін айтып жеткізудің өзі артық. Соның ішінде Шардара Армрестлинг клубы 2012 жылдан бері жалпы есепте 1-орын иеленіп жүр.

Естеріңізге сала кетейік, қол күресі (Армрестлинг) спорты ежелден бері қызық әрі қиын спорт түрі болып табылады. 1952жылы Калифорнияның Петалума қаласында ең бірінші осы спорт түрі жандана бастаған .Бұл спорт түрінің жандануына үлес қосқан алғашқы адамдардың бірі америкалық журналист Билл Соберанес болып табылады. Ол ең алғаш 1952ж Петалума заплында  қол күресінен (Армрестлингтен) жарыс өткізіп халықтың ыстық ықыласына бөлене отырып осы спорттың дамуына себепші болды. Қазірдің өзінде Петалума қаласында әр жылдың қазан айының екінші сенбісінде қол күресі өткізіліп отырады.1962жылы Билл мен Дейв Девото бірінші әлем чемпионатын өткізген. Осылайша бұл спорт түрі қазіргі кезде өз федерациясын құрып,аудандық,облыстық,республикалық,халықаралық деңгейде өткізіліп отырады.Қазіргі күнде қол күресі «армрестлинг»деген атаумен белгілі.Бұл сөз ағылышын тілінен «arm»-қол, «wrestling»-күрес деген мағынаны береді.Арместлинг спорты қазіргі күнде Олимпиада ойындарында кірмесе де,бұл спорт студенттер,оқушылар,үлкендер,қарттар,мүгедектер арасында өткізіліп отырады. Сайысқа қатысушылар бекітілген халықаралық ережеге сай, арнайы үстелдің екі жағында тұрып күш сынасады. Төрешінің бұйрығымен шынтақтары арнайы жұмсақ шынтақшаларға қойылады. Алайда қол күресі кезінде шынтақты көтеруге, қозғауға, жұмсақ шынтақшадан шығаруға болмайды. Ашық алақандар біріктіріліп, бас бармақтар бір-біріне айқастырылады. Білекті бір қалыпты түзу ұстау қажет. «Білекті түзе!», «Иықты түзе!» деген команда берілісімен, спортшылар бос қолдарымен арнайы тіреуден ұстайды. Төрешінің белгісінен кейін ғана күресті бастайды. Төрешінің белгісінен бұрын екі рет ерте бастап қойған ойыншы ары қарай күресу құқығынан айырылады. Шынтақ орнынан тайып кетсе, басы мен иығы үстелдің ортаңғы сызығын қиып өтсе немесе үстелге тиіп кетсе ереже бұзылған болып саналады. Айқас кезінде бос қолды тіреуден босатуға және екі аяқты бірдей еденнен көтеруге болмайды.

Жерлестеріміз осы жолы да әлемнің мықтылары сыналған шаршы алаңда ел намысын лайықты қорғап, толағай табыстарға жетті. Осы орайда еліміздің абыройын асқақтатып, жеңістің жарқын үлгісін көрсеткен отандастарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы