Жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін азаматтар мемлекеттің қорғауында болады

353 көрілім

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасының Еріктілері «Ашық есік күні» науқанында заң көмегіне жүгінген тұрғындарға насихаттады.
Науқанға келген 100-ден аса тұрғындарға Антикор еріктісі еңбек қатынастары, жерді ресімдеу, тұрғын үй алу тәртібі, әлеуметтік салаға қатысты сұрақтар бойынша және жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көтермелеулер, берілетін сыйақы мөлшері туралы құқықтық кеңестер берді.
Айта кетсек, жобаның Pro bono еріктілік кәсіби көмек көрсету бағыты бойынша адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар, кәсіподақтар мен ардагерлер ұйымдары азаматтар мен еңбек ұжымдарына тегін құқықтық көмек көрсете алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы